Рухани: Теһран Дохамен бірге болады
(last modified Tue, 19 Jun 2018 08:08:46 GMT )
Маусым 19, 2018 14:08 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран Дохамен бірге болады

ИИР Президенті Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуді қолдап: "Қатармен арадағы қарым-қатынасты кеңейту үшін ешбір кедергі жоқ. Теһран бұрынғыдай Дохамен бірге болады",- деп қуаттады.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сөйлесіп, Қатар халқы мен үкіметінің әділетсіз қысымдарға, қоқан-лоққылар мен қоршауларға қарсы табандылығын мадақтауға лайық деп атап, ИИР-ның Қатарға таңылған қоршауды әділетсіз, сондай-ақ, аймақ халықтары арасындағы қайшылықтардың артуына себеп болады деп санайтынын мәлімдеді.

Иран Президенті Теһранның қайшылықтарды тоқтату саясатының аймақ елдерімен келісімге келу мен келіссөз жүргізуді қарастыратынын, сондай-ақ, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға талпынуын аймақтың барлық халықтарының мүдделері үшін пайдалы деп санайтынын  қуаттап: "ИИР аймақтың кейбір үкіметтерінің жанжалды саясаттарын теріс санайды. Бұл үдерісті жалғастыру аймақ мәселелерін, атап айтқанда Палестина мен Сирия және Йеменнің жағдайын одан сайын қиындатады",- деді.

Қатар Әмірі де Иранның Қатардың қоршауға алыну мәселесіне қатысты ұстанымына алғыс білдіріп, Доханың бұл ұстанымдарды еш уақытта ұмытпайтынын қуаттап: "Қатар аймақтың барлық қайшылықтарын тек келіссөз арқылы шешуді қуаттайды. Ешбір мемлекет басқа елді өз көзқарасын ұстануға мәжбүрлей алмайды",- деді.

 

 

 

Тегтер