Қыр 03, 2018 20:49 Asia/Almaty
  • ХАМАС Махмуд Аббас пен сионистер арасындағы келіссөздердің тоқтатылуын сұрады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың ақпарат өкілі Сами Абу Зухри жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Махмуд Аббастың басқыншы режим басшыларымен пайдасыз кездесулерін тоқтату қажеттігін айтып:

 

"Кездесулер Палестина автономды құрылымы мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынасты қалыптандыру мен бейбіт өмір сүру бағытында талпыныстардың жасалып жатқанын растайды. Бұл Палестина автономды құрылымының ұлттық мүддеден тыс қатынасын әшкерелеп отыр",-деді.

"Жас тілшілер клубының" (YJС) хабарлауы бойынша, Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббас жексенбі күні бір аптада екінші рет Рамаллада сионистік режимнің делегациясымен кездесіп, АҚШ үкіметінің Иорданиямен конфедерация құрып, сионистік режиммен жер алмасу жобасына келісетінін хабарлады.  Махмуд Аббастың соңғы бір аптада сионистік делегациямен екінші рет кездесуі ол Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС және палестиналық топтармен бітімді толықтыру туралы отырыс өткізуден бас тартқан жағдайда орын алып отыр.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың ақпарат өкілінің айтуынша, Палестина автономды құрылымы басшысының ұлттық мүддеге қайшы әрекеттерінің жалғасуы Палестина халқының күрестеріне соққы береді.

АҚШ-тың "Қасиетті жерлер конфедерациясы" атты жобасы Иордания, Палестина мен сионистік режим арасында Құдс қаласының астаналығымен саяси коалиция құруды көздейді. Соған сәйкес, Құдс қаласы осы үш жақтың өкілі және ислам, христиан мен иудаизм діндерінің символы болады.

 

Тегтер