Мысырдың 25 елмен ортақ әскери жаттығуы басталды
(last modified Sun, 09 Sep 2018 15:48:27 GMT )
Қыр 09, 2018 21:48 Asia/Almaty
  • Мысырдың 25 елмен ортақ әскери жаттығуы басталды

Мысыр басшылары 25 шетелдік мемлекетпен бірігіп, ортақ әскери жаттығуларын бастағанын хабарлады.

IRNА-ның мәліметі бойынша, мысырлық басшылар 25  елдің қатысуымен "Жарқыраған жұлдыз-2018" атты әскери жаттығуларын бастағанын хабарлап, оны аймақтың ең ірі жаттығуларының бірі деп бағалады.

Жаттығулар Солтүстік Сина облысына жақын Мысырдың солтүстік-батысындағы "Мұхаммад Наджиб" әскери базасы мен Жерорта теңізінде қыркүйек айының 8-нен басталып, 12 күн бойы, яғни қыркүйектің 20-ына дейін жалғасады. Бұл жаттығуға 25 мемлекет қатысқанымен, олардың он алтысы тек бақылаушы елдің рөлін атқарады.

Мысыр армиясы әртүрлі мемлекеттердің теңіз және әуе күштері арасындағы әрекеттерді үйлестіріп, лаңкестік орталықтарға шабуыл жасап, оларды азат етуді жаттығудың мақсаттарының қатарында атады.

Жаттығуға қатысып жатқан негізгі елдер – Мысыр, АҚШ, Грекия, Иордания, Британия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Италия және Франция.

Мысыр армиясының хабарлауынша, Ливан, Руанда, Ирак, Пәкістан, Үндістан, Кения, Танзания, Уганда, Конго демократиялық республикасы, Чад, Джибути, Мали, Оңтүстік Африка, Нигер, Сенегал және Канада – жаттығуға бақылаушы ретінде қатысып отырған елдер.  

 

 

Тегтер