Мекке Әмірі Түркияға Хашағджидің ісін жабу үшін пара ұсынды
Қаз 24, 2018 22:15 Asia/Almaty
Қатардың "Әш-Шарқ" газетінің редакторы саудиялық тақ мұрагер Мұхаммад бен Салманның Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанға Хашағджидің ісін жабу үшін пара ұсынғанын жария етті.
Журналистер торабының мәліметі бойынша, Садеқ Мұхаммад әл-Емари Твиттердегі парақшасында Түркия Президентіне жақын дереккөзіне сілтеме жасап: "Мекке Әмірі Халед әл-Фейсал Хашағджидің ісін жабу үшін Ердоғанға қаржылай көмек көрсету және Қатарға қарсы санкциялардың күшін жою туралы ұсыныс жасады. Бірақ, Ердоған бұл ұсынысты саяси пара деп атады",- деп жазды.
Бұдан бұрын Түркияның Ливандағы елшісі де Сауд Арабиясының Хашағджидің ісін жабу үшін Түркияға 5 миллиард доллар пара ұсынғанын хабарлаған болатын.