Израильдің қысымымен X желісі революция жетекшісінің аккаунтын жауып және қолданушылардың наразылығымен қайта ашты
Pars Today - Ислам революциясы жетекшісінің иврит аккаунты X-те бұғатталғаннан 24 сағат өткен соң, бұл әлеуметтік желі оны қайтарды.
Имам Хаменеидің еңбектерді сақтау және жариялау кеңсесінің мүшесі Мәһди Фазаели былай деді: «Х» әлеуметтік желісіндегі революция жетекшісінің «Бисмилляхи Рахмани Рахим» деп бастаған иврит аккаунты қызметінің екінші күні жабылды.
Х әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығына ұласқан бұл әрекеттен кейін Ислам революциясы жетекшісінің Х-дағы иврит аккаунты қайтарылды.
Айта кетейік, 2024 жылдың 8 ақпанында америкалық Meta компаниясы сөз бостандығы қағидаттарына қарсы әрекет жасап, Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеидің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын жауып тастаған болатын.
Соңғы жылдары Батыстағы тұлғалар, шенеуніктер, тіпті жаман қолданушылар әлеуметтік парақшаларда мұсылмандардың қасиетті кітабы мен Ислам пайғамбарына тіл тигізіп, исламофобия үшін кез келген сылтауды қолданған жағдайда Ислам революциясы жетекшісінің әлеуметтік парақшаларының аккаунттары виртуалды кеңістікте бұғатталған.