Сауд Арабиясының прокуратурасы Хашоғджи мәйітінің Стамбұлда бөлшектенгенін растады
(last modified Fri, 16 Nov 2018 14:17:52 GMT )
Қар 16, 2018 20:17 Asia/Almaty

Сауд Арабиясы прокуратурасының баспасөз өкілі саудиялық сыншы журналист Джамал Хашоғджидің мәйітінің Арабстанның Стамбұлдағы консулдығында бөлшектелгенін мойындады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы прокуратурасының баспасөз өкілі Шальан әш-Шальан бейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында Сауд Арабиясы барлау органының бұрынғы басшысының орынбасары Ахмад Асиридің Хашоғджиді өлтіру мақсатында арнайы топ құрып, Түркияға аттанғанын мойындады.

Сауд Арабиясы прокуратурасының баспасөз өкілі сондай-ақ, Стамбұлға аттанған топ мүшелерінің мақсаты Хашоғджиді Сауд Арабиясына оралуға көндіру болғанын, алайда олар оны консулдық ғимаратынан шығара алмағанын айтты. Оның айтуынша, Хашиоғджидің мәйіті бөлшектелгеннен кейін консулдық ғимаратынан тыс жерде Түркиядағы жергілікті бір адамға тапсырылған.

Шальан әш-Шальан Сауд Арабиясының тақ мұрагері Бин Салманды Хашоғждиді өлтіру ісінен ақтап, Хашиоғджиді өлтіру ісіне қатысты 11 айыпталушының ішінен бесеуіне өлім жазасына кескен үкім шығарды.

 

 

Тегтер