«Al-Manar» телеарнасы сионистердің бұйрығымен тоқтатылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i4018-al_manar_телеарнасы_сионистердің_бұйрығымен_тоқтатылды
Исламдық Телерадиолар бірлестігі мысырлық «Nilesat» компаниясының осы спутник арқылы «Al-Manar» телеарнасы таратылымының тоқтатылуын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 09, 2016 17:04 Asia/Almaty
  • «Al-Manar» телеарнасы сионистердің бұйрығымен тоқтатылды

Исламдық Телерадиолар бірлестігі мысырлық «Nilesat» компаниясының осы спутник арқылы «Al-Manar» телеарнасы таратылымының тоқтатылуын айыптады.

Исламдық Телерадиолар бірлестігінің бас хатшысы Әли Каримиан мәлімдеме жариялап, «Al-Manar» телеарнасы таратылымының тоқтатылуын сионистердің бұйрығымен іске асты деп санап: «Біздің бірлестік сионистер мен лаңкестердің және үстемшіл жүйе мен әлемдік үстемшілдердің барлық жобаларына тосқауыл қоюда маңызды рөл атқарған «Al-Manar» телеарнасын өшіру жолындағы толассыз талпыныстарды айыптайды. Исламдық Телерадиолар бірлестігі аймақ пен әлемдегі қазіргі өзгерістердің саясында кейбір компаниялар мен кеңселердің сионистер мен олардың одақтастарының бұйрықтарына оң жауап бергеніне өкініш білдіреді. Қарсыласу қозғалысының ақпарат құралдары барлық кедергілерге қарамастан ақиқаттың үнін жеткізуге мүмкіндік табады» деп қуаттады.

Мысырлық «Nilesat» спутниктік компаниясы таяуда ливандық екі арнаның, соның ішінде «Al-Manar» телеарнасының таратылымын тоқтатты.