Зариф: Иран заң бұзушылармен келіссөз жүргізбейді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуі туралы 12 шартына тағы реакция білдіріп, Ислам республикасының заң бұзушы елмен келіссөз жүргізбейтінін қуаттады.
ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында Дохадағы халықаралық отырыста сөйлеген сөзінің бір бөлігін жариялап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранмен келіссөз жүргізу туралы қойған 12 шартына байланысты Ислам республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзған елмен келіссөз жүргізбейтінін жазды.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Теһранның аймақ пен басқа елдердің істеріне араласты деп айыпталуын еске салып: «Аймақ елдерінің істеріне араласатын – АҚШ. Өйткені, Иран өз аймағында белсенділік танытып отыр»,- деді.