Maм 27, 2019 14:56 Asia/Almaty
  • Лариджани:

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық-сионистік жобаны арам ойдан туған жоба деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани Ислам Кеңесі Мәжілісінің жексенбі күнгі ашық жиналысында Дүниежүзілік Құдс күніне тоқталып: "Қазір үстемшілдер Палестинаға қарсы жымысқы әрекеттер жасап жатыр. Мұндай әрекеттерге қырағы болу керек",-деді.

Лариджани: "Бахрейнде Палестинаға қарсы отырыс өткізу бұл отырысқа қатысатын барлық елдердің абыройына түсетін қара дақ болмақ",-деді.

"Ғасыр мәмілесі" жобасын орындаудың алғашқы кезеңі саналатын Бахрейн конференциясы 25-26 маусымда Манамада өтеді деп жоспарланып отыр.  

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Дүниежүзілік Құдс күні әлемде азаттықты талап етушілер Палестина халқына қарсы үстемшілдердің қылмыстарына кесімді жауап береді",-деді.

Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруі 2019 жылдың 31 мамырында, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың рамазан айының 26 күні Иранмен бір мезгілде әлемнің  басқа елдерінде өткізіледі.  

Тегтер