Рухани: «Ғасыр мәмілесі» –Палестина арманын жоюға бағытталған қастандық
ИИР Президенті: «Ғасыр мәмілесі» – Палестина арманын жоюға, сионистердің барлық ислам елдеріне экспансиясын күшейтуге бағытталған қастандық»,-деп қуаттады.
Хасан Рухани кеше, жұма күні Меккеде өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысқан ислам елдері басшыларына жолдаған хатында оларды Құдсты мұсылмандардың алғашқы құбыласы ретінде сақтап қалуға талпынуға шақырып: «Ислам елдері басшылары бұл мұрсатты «Ғасыр мәмілесі» қастандығымен күресіп, Палестинаны қорғау үшін пайдалануы керек»,-деді.
Иран Президенті: «Ислам елдері сионистік режим тарапынан мұсылмандардың алғашқы құбыласын басып алу мәселесінің шетке ысырылып, сионистердің Құдста билік орнатуына жол бермеуі керек»,-деді.
Рухани: «Ғасыр мәмілесі» қастандығын жобалаушылар Палестина халқының заңды құқығын аяққа таптау арқылы Палестина арманын мәңгіге жойып, сионистердің ислам әлемі мен араб елдеріне үстемдік етуіне жағдай жасауға талпынып жатыр»,-деді.