Мұхаммад Морси сот отырысында қайтыс болды
Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммад Морси дүйсенбіде сот отырысында жүрегі тоқтап, қайтыс болды.
)
Мысырдың үкіметтік телеарнасының мәліметінше, Морси бұл сот отырысында сот төрағасынан сөз сөйлеуге рұқсат алған болатын. Отырыстың аяқталуы жарияланған кезде, Морси есінен танып, содан соң қайтыс болды. Мысырдың «Мұсылман бауырлары» тобы бұл елдің отставкаға кеткен президенті Мұхаммад Морсидің өліміне реакция білдіріп, үкіметті жауапкер және Морсидің өлімін «әдейлеп өлтіру» деп деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Абас Мусави Мұхаммад Морсидің қайтыс болуын өкінішті деп атап: «Иран Мысыр халқының көзқарасын құрметтеп, Мұхаммад Морсидің қайтыс болуына байланысты Мысыр халқы, оның отбасы, жақтастары мен достарына көңіл айтады»,- деді.