Иран Иракқа «Арбағин» зияратшыларының істерін жеңілдетуге көмектеседі
ИИР Иракқа имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағины» зияратшыларының істерін жеңілдетуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Кеше жексенбі күні Ирак басшыларымен кездесу үшін Иранның батысындағы Меһран шекарасынан Иракқа енген Иран Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли Ирак Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Саад Маанмен қасиетті Наджаф қаласында өткізген баспасөз отырысында: «Иран мен Ирак ирандық зияратшылардың Иракқа енуін жеңілдету үшін жақсы қадамдар жасады. Енді ИИР ирактық бауырларға имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағины» зияратшыларының істерін жеңілдетуге көмектесуге дайын», - деді. Болжамдар бойынша, биыл Ирактағы «Арбағин» рәсімдеріне шамамен 4 миллион ирандық зияратшы қатысады.