Мосулды азат ету амалдары үстіміздегі жылдың бірінші жартысында басталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i469-Мосулды_азат_ету_амалдары_үстіміздегі_жылдың_бірінші_жартысында_басталады
Ирактың Қорғаныс министрлігі 2016 жылдың бірінші жартысын Мосулды азат ету амалдары басталатын кез деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2016 20:07 Asia/Almaty
  • Мосулды азат ету амалдары үстіміздегі жылдың бірінші жартысында басталады

Ирактың Қорғаныс министрлігі 2016 жылдың бірінші жартысын Мосулды азат ету амалдары басталатын кез деп мәлімдеді.

Ирак Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Насир Нури: «Нейнава» облысының орталығы Мосул қаласын ИСИМ тобының басқыншылығынан азат ету амалдары 2016 жылдың бірінші жартысында басталады. Қолға түскен мәліметтер ИСИМ лаңкестік тобының мыңдаған мүшесінің армияның Мосулге қарай алға жылжуынан сескеніп, осы қаладан қашып кеткенін көрсетеді. Ирак армиясының бір топ күші алдағы бірнеше күнде Бағдад пен өзге облыстардан «Махмур» базасына аттанады» деді.