Мосулды азат ету амалдары үстіміздегі жылдың бірінші жартысында басталады
Ақп 07, 2016 20:07 Asia/Almaty
Ирактың Қорғаныс министрлігі 2016 жылдың бірінші жартысын Мосулды азат ету амалдары басталатын кез деп мәлімдеді.
Ирак Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Насир Нури: «Нейнава» облысының орталығы Мосул қаласын ИСИМ тобының басқыншылығынан азат ету амалдары 2016 жылдың бірінші жартысында басталады. Қолға түскен мәліметтер ИСИМ лаңкестік тобының мыңдаған мүшесінің армияның Мосулге қарай алға жылжуынан сескеніп, осы қаладан қашып кеткенін көрсетеді. Ирак армиясының бір топ күші алдағы бірнеше күнде Бағдад пен өзге облыстардан «Махмур» базасына аттанады» деді.