Нетаньяхуға қарсы ондаған наразылық білдіруші тұтқындалды
Шіл 24, 2020 15:09 Asia/Almaty
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, басып алынған жерлердің мыңдаған тұрғыны сионистік режим үкіметінің коронавирус пандемиясымен күресу әрекеттері және бұл тақырыпқа байланысты қабылдаған заңдарына наразылық білдіріп, Бениамин Нетаньяхудың резиденциясының алдына жиналып, оның отставкасын талап етті.
Сионистік режимнің полициясы басып алынған Құдстағы шерушілерге қарсы шабуыл жасап, 55 адамды тұтқындады. Израиль режимінің полициясы өз мәлімдемесінде наразылық білдіруге қатысқандардың саның 4000-нан астам деп жариялап: «Шерушілер ыдыратылғаннан кейін кемінде бір мың адам жұма күні таңға дейін Нетаньяхудың резиденциясының қасында қалды»,- деп мәлімдеді.