Ыстамбұл саммиті аясында Моссад басшысының араб министрлермен кездесетіні белгілі болды
Сионистік режимнің қауіпсіздік істері бойынша маманы осы режимнің тыңшылық ұйымы Моссад басшысының Ыстамбұлда Ислам Ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысушы араб министрлермен кездесетінін хабарлады.
«Alalam» телеарнасының хабарлауы бойынша, қауіпсіздік істері жөніндегі израильдік маман Йосси Милман Моссад басшысы Йосси Коэннің Түркиядағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымының отырысына қатысушы елдердің кейбір Сыртқы істер министрлерімен кездесу үшін осы елге сапар шеккенін мәлім етті.
Осы мәлімет бойынша, Йосси Коэн Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр, Түркия Сыртқы істер министрі Моулуд Чавушоғлы және Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад Бин Абдоррахман Але Санимен кездесіп, сұхбаттасуды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ сионистік режимнің араб елдерімен байланысты күшейту үшін күш салып жатқан көрінеді.