Қыр 06, 2021 22:59 Asia/Almaty

6 палестиналық тұтқын сионистік режимнің қатаң бақылауындағы түрмелердің бірі «Бисанға» жақын жердегі «Джалбу» түрмесінің астынан ондаған метр туннель қазып, содан қашып шықты.

Тұтқындардың бесеуі – Исламдық джиһад қозғалысының мүшелері, алтыншысы – Палестинаның Фатх қозғалысына қарасты Катаеб шоһада ул-Ақса ұйымының бұрынғы қолбасшысы Закариа әз-Зубейди.

Сионистік режимнің ақпарат көздері бұл оқиғаны қауіпсіздік саласындағы ең қатерлі оқиға деп атады. Әскери басшылар мен тілшілер мұндай хабардың таралғанына есеңгіреп қалды.

Тегтер