Иракта американдық күштердің екінші колоннасына шабуыл жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i58712-Иракта_американдық_күштердің_екінші_колоннасына_шабуыл_жасалды
Ирак ақпарат құралдары Ирактың оңтүстігінде АҚШ әскерлеріне қолдау көрсету жабдықтарын тасымалдаған екінші көлік колоннасына шабуыл жасалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 02, 2022 16:40 Asia/Almaty
  • Иракта  американдық күштердің екінші колоннасына шабуыл жасалды

Ирак ақпарат құралдары Ирактың оңтүстігінде АҚШ әскерлеріне қолдау көрсету жабдықтарын тасымалдаған екінші көлік колоннасына шабуыл жасалғанын хабарлады.

Ирактың Зи-Кар облысының орталығы Насирия қаласының батысында сейсенбі күні кешке АҚШ-тың әскери қолдау керуені нысанаға алынды. Ирак ақпарат құралдары шабуылда қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы нақты мәлімет жарияламады. Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ.