Батыс Азияда Иранның шәһид көсемінің жерлеу рәсімі туралы ақпарат кеңінен таралды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i84876-Батыс_Азияда_Иранның_шәһид_көсемінің_жерлеу_рәсімі_туралы_ақпарат_кеңінен_таралды
ParsToday - Иран Ислам Республикасының шәһид көсемі аятолла Сейед Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Батыс Азия елдерінің БАҚ-тарында кеңінен жарияланды және тікелей эфирде көрсетілді.
(last modified 2026-07-04T11:09:02+00:00 )
Шіл 04, 2026 15:12 Asia/Almaty
  • Батыс Азияда Иранның шәһид көсемінің жерлеу рәсімі туралы ақпарат кеңінен таралды

ParsToday - Иран Ислам Республикасының шәһид көсемі аятолла Сейед Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Батыс Азия елдерінің БАҚ-тарында кеңінен жарияланды және тікелей эфирде көрсетілді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, аймақтық және әлемдік БАҚ, әсіресе араб елдерінің БАҚ-тары Иранның шәһид көсемімен қоштасу рәсімі туралы жаңалықтарға назар аударып, рәсімге халықтың даппай қатысуына көңіл бөлді.

 

Ғасырдың қоштасу рәсімі

Ливандық «Әл-Ахбар» газеті революцияның шәһид көсемімен қоштасу рәсімі мен әлем елдерінің жоғары лауазымды шенеуніктерінің қатысуын «Ғасырдың қоштасу рәсімі» деп атады.

Аятолла Сейед Әли Хаменеидің қасиетті денесі және оның шәһид болған отбасы мұшелерінің табыттары жұма күні таңертең Тегерандағы Имам Хомейни (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде арнайы орынға қойылды.

 

Қоштасу рәсімі, Сауд Арабиясының «Ашарқ әл-Аусат» газетінің айдары

Сауд Арабиясының «Ашарқ әл-Аусат» газеті өзінің тақырыбын Ресей Қауіпсіздік Кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев пен Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің шәһид болған көсеммен қоштасу рәсіміне қатысуы туралы жаңалықтарға арнады.

«Ашарқ әл-Аусат» былай деп жазды: «Шәһидтердің табыттары орнына қойылғаннан кейін қонақтар мен шетелдік лауазымды тұлғаларға құрмет көрсету рәсімі басталды, рәсімге әртүрлі делегациялар қатысып, революцияның шейіт болған көсемі мен онымен бірге жүрген шәһидтерге құрмет көрсетті, сондай-ақ рәсімге Сауд Арабиясынан келген делегация да қатысты».