Ислам революциясының жетекшісі Палестина исламдық джиһад қозғалысының хатына жауап берді
(last modified Fri, 12 Aug 2022 12:33:15 GMT )
Там 12, 2022 18:33 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Палестина исламдық джиһад қозғалысының хатына жауап берді

Аятолла Хаменеи Палестина исламдық джиһад қозғалысы бас хатшысының хатына жауабында Исламдық джиһадтың батыл қарсыласуының сионистік режимнің саясатын залалсыздандыруға және осы қозғалыстың орнын жоғарылатуға себеп болғанын айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің бейсенбі күні хабарлауынша, аятолла Хаменеи Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахаланың хатына жауабында соңғы оқиғаның Палестина исламдық джиһад қозғалысының мерейін арттырғанын және Палестина халқының күресіндегі орнын жоғарылатқанын айтып: «Сіздер өздеріңіздің батыл қарсыласуларыңызбен сионистік режимнің саясатын залалсыздандырып, қарсыласу өзегінің әрбір бөлігінің жалғыз өзі дұшпанды жер жастандыра алатынын дәлелдеді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Сіздер Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қарсыласу әрекеттерін басқа қарсыласу топтарымен біріктіру арқылы Палетина халқының джиһадын біртұтас күйде дұшпанға көрсете алдыңыздар»,-деді.

Аятолла Хаменеи Палестина жеріндегі барлық палестиналық топтардың талпынысы біртұтастықты сақтау болу керегін айтып: «Дұшпан әлсіреп, Палестина қарсыласу күштері нығаю үстінде. Біз бұрынғыдай сіздермен біргеміз»,-деп еске салды.

Зияд Нахала Ислам революциясының жетекшісіне хатында палестиналық күрескерлер, әсіресе Исламдық джиһад қозғалысы  мен оның әскери тармағы «Сорайя-ул-Құдс» күштерінің Палестинаның түкпір-түкпірінде, әсіресе Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында ауқымды әрекет етіп жатқанын айтып: «Палестина исламдық джиһад қозғалысының батальондары Иордан өзенінің батыс жағалауында күн сайын сионистік режим күштерімен қақтығысып жатыр»,-деді.  

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Газадағы жағдайды баяндай келіп, осы сектордың сионистік режимге табанды қарсы тұрғанын айтып, соңғы үш күндегі қақтығыстар туралы: «Біз бұл қақтығыстарды «майдандардың бірлігі» деп атадық. Сөйтіп халықтың дұшпан алдындағы бірлігін баса айтып отырмыз. Дұшпан бар күш-қуатымен осы бірлікті бұзуға талпынып жатыр»,-деді.

Зияд Нахала осы соғыста Палестинада басып алынған барлық жердің Исламдық джиһад қозғалысының зымырандарының жету аясында болғанын айтып: «Бұл соғыс сионистік режимнің есебін бұзды. Олар тіпті үш күннің ішінде атысты тоқтату бітімін сұрауға мәжбүр болып, қарсыласудың шарттарына көнді. »,-деді. 

Тегтер