Американың құзыры - Парсы Шығанағы аймағының үлкен түйткілі
Сәу 28, 2016 18:55 Asia/Almaty
Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы Парсы Шығанағы аймағының алдында тұрған ең үлкен түйткілді бөгде күштердің, әсіресе Американың аймақтағы құзыры деп атады.
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы сардар Әли Фадави: "Өкінішке орай, Америка аймақтағы кейбір елдерде Парсы Шығанағының қауіпсіздігін қорғаушы деп таныстырылады. Бұл толығымен қате пікір. Аймақтағы елдер мен Иранның өзі Парсы Шығанағы аймағында қауіпсіздіктің кепілі болып табылады" деді.