Ирак Премьер-министрі Иранға ресми сапармен барады
(last modified Mon, 28 Nov 2022 17:17:15 GMT )
Қар 28, 2022 23:17 Asia/Almaty
  • Ирак Премьер-министрі Иранға ресми сапармен барады

Ирак Премьер-министрі Мұхаммед Шоджа Судани жуырда жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Теһранға барады. Ол премьер-министр лауазымында алғаш рет Иранға баратын болады. Ол бұған дейін Иордания мен Кувейт елдеріне сапар шекті. Сауд Арабиясы Мұхаммед Шоджа Судани Теһранға бармас бұрын Эр-Риядқа келуін қалап, оған шақыру хатын жіберді.

Иран – жаңа Ирактың басты серіктесі. Сауд Арабиясы бар күш-қуатымен жаңа Иракқа лаңкес жіберіп, бұл елде жаңа саяси жүйенің қалыптасуының алдын алуға талпынып жатқанда ИИР Ирактың жаңа саяси үкіметі мен жүйесін қабылдап, өзінің бар күш-қабілетін жаңа үкімет пен жүйенің тұрақтауына жұмсады. Соның нәтижесінде Ирактың жаңа саяси жүйесі жұмысын жалғастырып жатыр.

Иранның көмегі мен қолдауы болмағанда Ирак бөлшектенуі ықтимал еді. Өйткені бұл елге сионистік режим мен АҚШ сияқты басқыншы үкіметтердің ықпалы зор. Мысалы, 2005-2006 жылдары Иракқа Сауд Арабиясынан тәкфирлер ағылуына байланысты мазхабтық қақтығыстар болып жатқанда сол кезде Сенаттың мүшесі болған АҚШ Президенті Джо Байден Ирак дағдарысын шешу үшін елді үшке бөлуге ұсыныс жасады.

Ирактың іші мен сыртында қолдауға ие Мұхаммед Шоджа Суданидың плюралистік үкіметі құрылғаннан кейін саяси байланыстарды нығайтып, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Жаңа Ирак сыртқы саясатында Иранмен тату көршілестік қатынасқа басымдық беріп отыр. Иранның он үшінші үкіметі аймақтық қатынасқа баса назар аударып отырғандықтан, бұл басымдық арта түсетін болады.

Мұхаммед Шоджа Суданидың Теһранға сапары осы салада кемшін тұстарды анықтап, кедергілерді жоюға жақсы мұрсат болмақ. Ирак жері АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясының қолдауына ие сепаратист топтар орналасқан жерге айналғандықтан, Иран мен Ирак басшыларының осы мәселені түбегейлі шешуіне жағдай жасалады. Өйткені сепаратист топтар Ирандағы бүліктер мен бейберекеттіктерде айшықты рөл ойнады. 

Тегтер