Мерец партиясы: Нетаньяху кабинеті – ең нәсілшіл үкімет
(last modified Sun, 04 Dec 2022 14:06:47 GMT )
Жел 04, 2022 20:06 Asia/Almaty
  • Мерец партиясы: Нетаньяху кабинеті – ең нәсілшіл үкімет

Сионистік режимнің Мерец солшыл партиясының басшысы: "Ликуд партиясының басшысы Беньямин Нетаньяху басқаратын келешек үкімет сионистік режим тарихындағы ең нәсілшіл үкімет болады",-деді.

Сионистік режимде министрлер кабинетінде лауазым алуға қатысты партияаралық қайшылықтар күшейгеніне байланысты Соғыс және Қаржы министрліктері сияқты лауазымдар жеңген партиялар арасында алмасылып жатыр.  

Діни сионистер Соғыс немесе Қаржы министрліктерін алуға тырысып жатса, Ликуд партиясы Соғыс министрлігін, Шас партиясы Қаржы министрлігін басқаруды қалап отыр.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мерец солшыл партиясының басшысы Захава Гальон жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Нетаньяху кабинеті нәсілшілдікті өршітетін үрей мен қорқыныш кабинеті болады",-деді.

Мерец солшыл партиясының басшысы бұл кабинеттің мақсатын сионистік режимдегі "демократия мен адам құқығы" деген нәрсені құнсыздандыру деп атады.

Осы мәліметке сәйкес, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әсіре оңшылар мен діни радикалистерден кабинет құрмақшы. Бұл мәселе Израильде алаңдаушылық тудырып отыр.

Саяси сарапшылар Израильде 5 жылдық тығырықтан кейін құрылайын деп отырған жаңа кабинетті осы режим тарихындағы ең радикал әрі жемқор үкімет болады деп болжады. Сионистік режим Палестина халқымен қақтығысуды арттырып, аймақта соғыс отын күшейтетін болады.   

Тегтер