Сионистік режим 1200 палестиналықты тұщы судан айырды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i66232-Сионистік_режим_1200_палестиналықты_тұщы_судан_айырды
Ақпарат көздері сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бір ауданда 1200 палестиналықты тұщы судан айырғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 15, 2022 18:00 Asia/Almaty
  • Сионистік режим 1200 палестиналықты тұщы судан айырды

Ақпарат көздері сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бір ауданда 1200 палестиналықты тұщы судан айырғанын хабарлады.

Сионистік режим бейсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Ариханың солтүстігіндегі Наба ул-Ауджа ауданына басып кіріп, 1200 палестиналықты тұщы сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз құбырдың ішін таспен толтырып, болат парақпен жауып тастады. Сөйтіп палестиналық жанұяларды тұщы сусыз қалдырды.

Сионистік режим кеше Бейт-Лахем ауданындағы Хусан ауылында орналасқан бір ауыл шаруашылығы нысанын бульдозермен бұзып тастады.