Велаяти: Ирак халқы заңсыз әрекеттерге қарсы тұрады
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Ирак халқы елінің қауіпсіздігіне қарсы араңдатушылықтың барлық түрімен күреседі" деді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы жексенбі күні журналистерге берген сұхбатта Ирактағы қазіргі жағдай мен Мұқтадо Садрдың ағымы жақтастарының Парламентке басып кіруі туралы: «Иракта заңсыз әрекеттерге шара қолданылып, олар нәтижеге жетпейді. Ирак халқы әртүрлі саяси кезеңдерде дұшпанға қарсы тұрып, елін қиындықтардан құтқара алатынын көрсетті. Ирак халқы заңсыз жолдар арқылы тыныштықтарын бұзатындарға жауап қайтарады»,- деді.
Иракта саяси дағдарыс жалғасуда. Мұқтадо Садрдың жақтастары дүйсенбі күні бірінші рет Бағдадтың қауіпсіздік аймағынан өтіп, Парламенттің ғимаратына, кейін үкімет үйіне кірді.