Палестиналық тұтқын 40 жылдан кейін түрмеден босатылды
Қаң 19, 2023 22:42 Asia/Almaty
Сионистік режим бейсенбі күні таңертең палестиналық тұтқын Махер Юнесті 40 жылдан кейін түрмеден босатты.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, палестиналық тұтқын Махер Юнес әл-Нақаб түрмесінен босатылғаннан кейін 1948 жылы басып алынған жердегі Солтүстік әл-Мұсаллас ауданында орналасқан Аре қалашығындағы үйіне барды.
Сионистік режим Махер Юнесті босатпас бұрын оның жанұясына ешқандай той немесе рәсім өткізбесін және Палестина туын желбіретпесін деп ескерту жасаған.
Тегтер