Сионистік режимнің басып-жаншу саясатына толассыз тосқауыл қою қажет
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i6712-Сионистік_режимнің_басып_жаншу_саясатына_толассыз_тосқауыл_қою_қажет
Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сионистік режимнің басып-жаншу саясатына толассыз тосқауыл қою қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 02, 2016 16:53 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің басып-жаншу саясатына толассыз тосқауыл қою қажет

Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сионистік режимнің басып-жаншу саясатына толассыз тосқауыл қою қажеттігін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолланы қабылдауында: «Палестина халқының жеңісі мен құқығын қорғаудың жалғыз жолы ішкі талап пен исламдық қарсыласуға иек арту болып табылады» деді.

Шамхани сионистік режимді лаңкестік және тәкфирлік топтардың стратегиялық серіктесі деп атап: «Сионистік режимнің басқыншылығында шек жоқ. Осы режимнің жаулап алынған Голан жерлері туралы даулары олардың өзге де исламдық өлкелер туралы ойланып жатқан қауіпті жобаларын көрсетеді» деді.

Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолла да осы кездесуде Иранның исламдық қарсыласуға қолдау көрсетуіне алғыс айтып: «Кейбір араб елдері аймақта тұрақтылық пен бейбітшіліктің факторы болып табылатын ислам республикасына тосқауыл қоюға күш салу арқылы қарсыласу шебін әлсіретуді және ислам әлемінің жауларымен ынтымақтастық жасауды көздеуде» деді.