Иран Израильдің Алеппо әуежайына жасаған шабуылын айыптады
Нау 07, 2023 17:51 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Алеппо әуежайына шабуылын айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани бүгін таңертең сионистік апартеид режимінің Сириядағы Алеппо халықаралық әуежайына адамгершілікке жатпайтын шабуылын қатаң айыптап, жауапты халықаралық мекемелерден қылмыстарды тоқтату үшін дереу әрі тиімді әрекет етуді талап етті. Канани: «Алепподағы сириялық жер сілкінісінен зардап шеккендер қиын жағдайларды бастан кешіріп жатқанда, сионистік режим халықаралық көмектердің оларға жетуінің негізгі жолы болып табылатын Алеппо әуежайына шабуыл жасауда және бұл адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың айқын мысалы»,- деді.
Тегтер