Сейіт Хасан Насролла: АҚШ-тың аймақтағы жобасы жеңіліс тапты
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Қарсыласу қозғалысы – Израильді тез жеңуге күш беретін үміт. Ол АҚШ-тың Батыс Азиядаға жобасының жеңіліс табуына себеп болады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Хасан Насролла бейсенбі күні хазірет имам Мехдидің (ғ.) туған күні және Исламдық тәлім-тәрбие институтының ашылған күнінің жылдығына орай сөйлеген сөзінде: "Осы институттың негізін сақтап, нығайтуға бар күшімізді саламыз және оның жұмыс аясын кеңейтеміз",-деді.
Сейіт Хасан Насролла: "Ең маңызды жолдау мен мәдениет – үміт, болашаққа үміт. Яғни жабық есіктер жоқ. Қараңғылық мәңгіге жойылады. Оның орнына нұр мен жарық келеді. Абсолютті зұлымдық жоқ, оның орнына әділет орнайды. Үміт – діни мәдениеттің бір бөлігі. Құдайға иман келтірген адам үшін үмітсіздік деген нәрсе жоқ",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Қарсыласу қозғалысы – Израильді тез жеңуге күш беретін үміт",-деді.