Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианды қасиетті Рамазан айымен құттықтады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоуллахианды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі осы телефон сұхбатында Бейжің кездесуінің оң жетістіктеріне тоқталып, алдағы уақытта сыртқы істер министрлерінің кездесуі мен екі елдің елшіліктерінің қайта ашылуын баса айтты.
Амир Абдуллахиан да Рамазан айымен құттықтап, эр-Рияд пен Теһран қарым-қатынасының қалыпты жағдайға оралуын құптай отырып, ИИР-ның Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын дамытып, нығайтуға дайын екендігін қуаттады.
Екі елдің сыртқы істер министрлері бір-бірімен тезірек кездесіп, елшіліктер мен консулдықтардың қайта ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізуге келісті.
Бейжіңде өткен Иран мен Сауд Арабиясы келіссөздерінде екі ел 10 наурыз, жұма күні дипломатиялық қарым-қатынастарды 7 жылдан кейін қалпына келтіру келісімге келді.