Сирияның шығысындағы АҚШ-тың 2 базасына зымырандық шабуыл жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i68540-Сирияның_шығысындағы_АҚШ_тың_2_базасына_зымырандық_шабуыл_жасалды
Ақпарат көздері жұма күні Сирияның солтүстік-шығысындағы екі америкалық базаға зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 25, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Сирияның шығысындағы АҚШ-тың 2 базасына зымырандық шабуыл жасалды

Ақпарат көздері жұма күні Сирияның солтүстік-шығысындағы екі америкалық базаға зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады.

Saberin News арнасы Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор аймағында орналасқан  мұнай кенішіндегі АҚШ-тың заңсыз әскери базасының зымырандық шабуылдарға ұшырағанын хабарлады. Коникодағы американдық база да зымырандық шабуылға ұшырады және осы базада зымыран шабуылының сиренасы естілді. Әзірге бұл шабуылдардың егжей-тегжейлері хабарланған жоқ.