Әл-Ақса мешітіндегі тауарих намазына 35 мыңнан аса палестиналық қатысты
(last modified Fri, 31 Mar 2023 14:26:08 GMT )
Нау 31, 2023 20:26 Asia/Almaty
  • Әл-Ақса мешітіндегі тауарих намазына 35 мыңнан аса палестиналық қатысты

Басып алынған Құдс қаласындағы Әл-Ақса мешітіндегі тауарих намазына 35 мыңнан аса палестиналық қатысты.

Палестина ақпарат орталығының хабарлауынша, палестиналықтар сионистік режимнің күшейтілген қауіпсіздік шараларына, соның ішінде израильдік тексеріс бекеттері орнатылғанына қарамастан Әл-Ақса мешітіне жиналды.

Сионистік режимнің әскерилері Рамазан айында палестиналықтардың Құдс қаласы мен Әл-Ақса мешітіне кіруіне тосқауыл қою үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Сарапшылар сионистік режимнің Палестина жеріндегі исламдық құндылықтарға қарсы діни соғыс бастауы мүмкін екенін ескертті.