Либерман: Нетаньяхуға қарсы шерулер жалғасуы керек
(last modified Sun, 02 Apr 2023 12:03:59 GMT )
Сәу 02, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • Либерман: Нетаньяхуға қарсы шерулер жалғасуы керек

"Израиль біздің үйіміз" партиясының басшысы сионистерді Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге қарсы шеруді жалғастыруға шақырды.

Өткен апталарда басып алынған Палестинаның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі ондаған қала, соның ішінде  ішінде Тель-Авив әсіре оңшыл кабинетке қарсы шерудің сахнасы болды. Сенбі күні кешке Тель-Авивте мыңдаған адам сионистік режимнің Премьер-министрі тарапынан ұсынылған сот жүйесіне реформалар жобасына қарсы шеру өткізді.

Сионистік режимнің бұрынғы Соғыс және қаржы министрі Авигдор Либерман: "Егер біреу сізге өтірік айтса, онымен неге әріптестік жасауыңыз керек? Мен Нетаньяхуды 1988 жылдан бері танимын. Ол қазір алдап жатқаны айқын қой",-деді.   

Бұл шерулер Нетаньяху басқаратын әсіре оңшыл кабинет коалициясы мен бұрынғы Премьер-министр Яир Лапид басқаратын оппозициялық фракция арасындағы қатты дау-жанжал саясында өтті.

Тегтер