Сауд әулеті Нетаньяхудің сайлануы үшін ондаған млн доллар қаржы жұмсаған
Maм 09, 2016 16:25 Asia/Almaty
Сауд әулеті сионистік режимнің үкімет басшысының сайлау алды үгіт- насихаттары үшін 80 млн доллар қаржы жұмсаған.
Сионистік «Еңбек» партиясының төрағасы әрі Израиль парламентінің мүшесі Ицхак Герцог 2015 жылғы Израильдегі сайлаулар барысында Саудия патшасы Салман Бин Абдолазиз Израильдің қазіргі үкімет басшысы Беньямин Нетаньяхудің сайлау үгіт-насихаттарының қаржысын қамтамасыз еткенін әшкере етті. Ицхак Герцог әшкереленген «Панама» құжаттарына сілтеме жасап: «Сауд Арабиясының патшасы 2015 жылдың наурыз айындағы Израиль сайлауларында Мұхаммад Аяд Аияли есімді сириялық- испандық азамат арқылы сайлауға көмек ретінде 80 млн долларды Нетаньяхудің штабына жіберді» деді.