Нетаньяхуға қарсы шерулер 31-ші аптаға аяқ басты
Там 06, 2023 18:05 Asia/Almaty
Басып алынған жерлердің ондаған мың тұрғыны сенбі күні 31-ші апта қатарынан сионистік режимнің Премьер-министріне қарсы ауқымды шеру өткізді.
Сионистік режимнің ақпарат құралдарының хабарлауынша, басып алынған жерлердің ондаған мың тұрғыны сенбі күні 31-ші апта қатарынан сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сот реформасының жобасына қарсы ауқымды шеру өткізді.
Осы жолғы шерудегі плакаттардың бірінде Нетаньяхуға қаратып "100 пайыз өтірік айтады" деп жазылған.
Нетаньяхудың сот реформасына қарсы шерулер 31 апта бойы жалғасып жатыр. Нетаньяху Жоғары соттың үкімет шешімдерін бақылауға қатысты өкілеттігін азайтуды көздеп отыр.