Сионистердің лаңкестік шабуылынан Ливан Хизбулласының 5 жауынгері қаза тапты
(last modified Thu, 23 Nov 2023 17:42:40 GMT )
Қар 23, 2023 23:42 Asia/Almaty
  • Сионистердің лаңкестік шабуылынан Ливан Хизбулласының 5 жауынгері қаза тапты

Ливан Хизбулласы сионистердің осы елдің оңтүстігінде орналасқан Бейт-Яхун қаласындағы бір ғимаратқа жасаған лаңкестік шабуылынан өзіннің 5 жауынгері, соның ішінде әл-Уафа фракциясы басшысының қаза тапқанын растады.

Сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылында бірнеше адамның қаза тапқаны жарияланғаннан кейін Хизбулла осыған қатысты мәлімдеме жасады.  

Ливанның исламдық қарсыласу қозғалысы (Хизбулла) суреттер жариялап, Яхун қаласындағы бір ғимаратқа жасалған лаңкестік шабуылда өзінің бес мүшесінің (Аббас Мұхаммед Раад, Халил Джавад Шахими, Ахмад Хасан Мұстафа, Мұхаммед Хасан Ахмад Шари, Басам Әли Канджу) қаза тапқанын растады.

Бұған дейін сионистік режимнің армиясы бейсенбі күні таңертең өз қырғи ұшақтарының Ливан территориясында Хизбуллаға тиесілі нысаналарға шабуыл жасағанын хабарлады.  

"Шахаб" ақпарат агенттігінің жазуынша, Ливан Парламентіндегі Хизбулланың өкілі Мұхаммед Раадтың ұлы Аббас Раад осы шабуылда шәһид болды.