"Әл-Ақса дауылы" операциясының жеңісі: Палестиналық тұтқындардың тағы бір тобы босатылды
Сионистік режимнің қолында болған палестиналық тұтқындардың тағы бір тобы Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату бітімінің аясында босатылып, жанұяларымен қауышты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 19 жасқа дейінгі палестиналық балалар мен әйелдердің бір тобы жексенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауының орталығы Рамалла қаласының батысында орналасқан "Ауфар" сионистік түрмесінен босатылды.
Тұтқындардың жанұялары мен тілшілер "Ауфар" сионистік түрмесі маңында палестиналық тұтқындардың босатылуын күтіп тұрған сәтте Израиль әскерилері оларға көзден жас ағызатын газ атып, бірқатарын жаралады.
Босатылған тұтқындардың кейбіреулері сионистік түрмелерде азапталғанын айтып: "Сионистер палестиналық тұтқындарға әдейі медициналық қызмет көрсетпеген",-деді.