Хизбулла сионистік режимнің 4 базасына шабуыл жасады
Ливан Хизбулласы сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Палестинаның солтүстігінде орналасқан 4 әскери базасына шабуыл жасағанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хизбулласы бірінші мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз Ливанның басып алынған жерінде орналасқан "Руйсат әл-Қарн" базасына зымыран атып, дөп тигізді",-деді.
Ливан Хизбулласы басқа бір мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз тиісті қарулармен "әл-Захира" базасын нысанаға алды",-деді.
Ливан Хизбулласы үшінші мәлімдемеде: "Жауынгерлеріміз "Хадаб әл-Бостан" базасына зымырандар атты",-деді.
Ливан Хизбулласы төртінші мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз Газа секторындағы Палестина халқына қолдау ретінде сәрсенбі күні сағат 16:30-да "Рамим" әскери базасына шабуыл жасады",-деді.