Иран Елшісі: Сириядағы Иранның ешбір кеңес беру орталығы нысанаға алынған жоқ   
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i75504-Иран_Елшісі_Сириядағы_Иранның_ешбір_кеңес_беру_орталығы_нысанаға_алынған_жоқ
ИИР-ның Сириядағы елшісі кеше (дүйсенбі) кешке сионистік режимнің Дамаскіге жасаған шабуылдарынан Иранның Сириядағы кеңесшілерінің ешқайсысының зардап шекпегенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 30, 2024 18:48 Asia/Almaty
  • Иран Елшісі: Сириядағы Иранның ешбір кеңес беру орталығы нысанаға алынған жоқ   

ИИР-ның Сириядағы елшісі кеше (дүйсенбі) кешке сионистік режимнің Дамаскіге жасаған шабуылдарынан Иранның Сириядағы кеңесшілерінің ешқайсысының зардап шекпегенін хабарлады.

            

 

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  Хұсейн Акбари  Х әлеуметтік желісінде сионистік режимнің Сириядағы Иранның кеңес беру орталықтарының біріне шабуылы туралы жарияланған кейбір жаңалықтар туралы былай деп жазды: "Сионистік режим жауынгерлерінің Дамасктің оңтүстік шетіндегі бүгінгі шабуылында Иран Ислам Республикасының бірде-бір кеңес беру орталығы нысанаға алынған жоқ". Акбари сондай-ақ: «Иран азаматтары мен кеңесшілерінің ешқайсысы шәһид болған жоқ»,-деп хабарлады.

ИИР-ның Сириядағы елшісі: «Сионистердің шабуылдары қарсыласу осін анықтауда үзіліс туғызбайды",- деді.