Израильде сионистік режимнің саясатына қарсы ауқымды шерулер өтті
Нау 17, 2024 20:46 Asia/Almaty
Сионистік режим кабинетінің саясатына қарсы наразылар сенбі күні кешке Тель-Авив, Хайфа, басып алынған Құдста ауқымды шерулер өткізіп, Беньямин Нетаньяху кабинетін таратып, басып алынған Палестинада мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті.
Наразылар мен сионист тұтқындардың жанұялары осы режимнің Соғыс министрлігі ғимаратының алдында от жақты. Наразылар Нетаньяху мен оның кабинетінің Газа секторында соғысты жалғастырып жатқанын қатты сынап, Палестина қарсыласу топтарымен тұтқын алмасу келісіміне қол қоюды талап етті.