Шіл 01, 2024 17:27 Asia/Almaty
  • Израиль газетінің сионистерге жанама ескертуі: тым кеш болмай тұрып басып алынған аумақтарды тастап кету керек

Бір сионистік газет Израиль режимінің Газадағы әрекеттерінің тек апатты сәтсіздікке әкелетініне назар аударып, сионистердің кеш болмай тұрып басып алынған жерлерінен қашуларын жасырма түрде ұсынып отыр.

 

Pars Today агенттігінің сионистік Haaretz газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы айларда жаулап алынған жерлерді тастап кетуге ұмтылған адамдардың сыбырлары жан-жақтан естіліп жатыр. Олар үйлері өртеніп жатқанын сезіп, шатыры құламай тұрып кетуге тура келеді. Олар тым кеш болмай тұрып, балаларын құтқарып, басып алынған аумақтардан қашып кетуі керек деп санайды.

Бұл сионистік газет басып алынған аумақтар тұрғындарының жалпы алғанда экзистенциалды қауіп-қатерді сезінуіне назар аударып: «Израильдің Газада соңғы 9 айда осы қауіпке тосқауыл қою операциялары көпшілігі жазықсыз он мыңдаған палестиналықтардың өліміне себеп болды»,- деп баса айтты.

Бұл газеттің хабарлауынша, сионистік режим өзінің ақылсыз әрекеттерін жалғастырып, дәл Конфуций айтқандай жасады. Конфуций: «Кек алуды бастамас бұрын, екі қабір қаз» деген.

Хаарец: «Сионистік режимнің операциясы израильдік тұтқындарды өлім қаупіне ұшыратып қана қойған жоқ, сонымен бірге барлық басып алынған аумақтарды экзистенциалды қауіпке ұшыратып, осы режимнің қауіпсіздік шарттарын күннен-күнге нашарлатып, Тель-Авивтің халықаралық оқшаулануына және оған қауіп төнуіне себеп болды»,- деп жазды.

Сонымен қатар, Израиль шабуылдары мыңдаған палестиналық жетім қалдырды, олардың барлығы Израильден кек алуды көздейді. Осы сионистік газеттің жазуынша, Тель-Авив іздеген жеңісті жүзеге асыру мүмкін емес және аймақ картасына жылдам көз жүгірту Тель-Авив басшыларының өздері үшін ауыр, ауыр және қорқынышты жеңілістерден басқа ештеңе күтпейтінін көрсетеді.

Тегтер