БҰҰ сионистік режимнің палестиналықтардың мүліктерін қиратуы мен тәркілеуін айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i7816-БҰҰ_сионистік_режимнің_палестиналықтардың_мүліктерін_қиратуы_мен_тәркілеуін_айыптады
БҰҰ сионистік режимнің палестиналықтардың мүлкін қиратып, тәркілеуін айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 19, 2016 13:31 Asia/Almaty
  • БҰҰ сионистік режимнің палестиналықтардың мүліктерін қиратуы мен тәркілеуін айыптады

БҰҰ сионистік режимнің палестиналықтардың мүлкін қиратып, тәркілеуін айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның гуманитарлық көмектерді үйлестіру кеңсесі сәрсенбі күні сионистік режимнің полиция қызметкерлерінің палестиналықтардың үйлеріне баса-көктеп кіріп, олардың мүлкін қиратып, тәркілеуін Женеваның төртінші конвенциясына қайшы деп атап, бұл режимнің басшыларынан басып алынған палестиналық аймақтарда адамзатқа қарсы мұндай шараларды доғаруды талап етті.

БҰҰ-ның басып алынған палестиналық аймақтарда гуманитарлық көмектерді үйлестіру кеңсесінің жауапты тұлғасы Роберт Пайпер мәлімдеме жариялап, сионистік режим полиция қызметкерлерінің дүйсенбі күні 16 мамырда Джабл әл-Баба аймағындағы палестиналық тұрғындардың үйлері мен мүліктеріне жасаған шабуылын қатты айыптады.

Осы жауапты тұлғаның айтуынша, аталмыш шабуылда палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету орталығы тарапынан салынған 7 үй қиратылып, басқа үш үйге аранлған құрылыс материалдары осы режимнің полиция қызметкерлері тарапынан тәркіленді.