Йемен Қорғаныс министрі: Америка, Англия және Израиль тосын сый күтуі керек
(last modified Mon, 16 Sep 2024 11:28:22 GMT )
Қыр 16, 2024 17:28 Asia/Almaty
  • Йемен Қорғаныс министрі: Америка, Англия және Израиль тосын сый күтуі керек

Йемен Қорғаныс министрі американ-британ коалициясына алдағы күндердің дұшпандар үшін күтпеген тосын сыйларға толы болатынын ескертті.

 

Ұлттық құтқару үкіметінің Қорғаныс министрі Мұхаммад әл-Атафи АҚШ, Ұлыбритания және Израиль коалициясына: «Біздің оларға берген жауабымыз олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қорқынышты түске айналады»,- деп ескертті. Pars Today агенттігінің Al-Masira желісіне сілтеме жасап хабарлауынша, әл-Атафи: «Жауларымызға алдағы күндер олар күтпеген тосын сыйлар әкелетінін ескертеміз»,- деп баса айтты.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 1402 жылдың 20 дейінде (2024 жылдың 10 қаңтары) АҚШ пен Жапонияның Йеменнің Ансаролласына қарсы ұсынған 2722 нөмірлі қарарын Қызыл теңіздегі  шабуылдардың негізгі себебін және Вашингтонның Газаны бомбалаудағы Израиль режимін қолдауын айтпай-ақ, мақұлдады. Осы қарар қабылданғаннан бір күннен кейін АҚШ пен Англия 8 елмен бірге Йемендегі Ансаролланың позицияларына шабуыл жасады.

Йемен армиясының күштері Израиль режимі Газаға шабуылдарын тоқтатпайынша, осы режимнің кемелеріне немесе басып алынған жерлерге баратын кемелерге шабуылдарын жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Йемен армиясының күштері: «Аден шығанағы мен Қызыл теңізде жүзу басқа кемелер үшін тегін және олар толық қауіпсіздікпен қамтылады»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер