Сейед Хасан Насролла шәһид болды
(last modified Sat, 28 Sep 2024 13:43:38 GMT )
Қыр 28, 2024 19:43 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла шәһид болды

Ливан Хизболласы мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Дахияны (Бейруттің оңтүстігі) бомбалауы кезінде Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың шәһид болғанын растады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сенбі күні (28 қыркүйек) Ливан Хизболласының кеңсесі Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насралланың шәһид болғанын растайтын мәлімдемеде былай деп жазды: "2000 жылы Ливанның азаттығы және 2006 жылы илаһи тұрақты жеңісіне дейін және басқада шайқастарынан Палестина, Газа және Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету шайқасы шәһид Сейед Хасан Насролланың өмірінің бір бөлігі".

Ливан Хизболласының кеңсесі мәлімдемесінің жалғасында сейіт Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиге, діни ғұламаларға, моджахедтер мен мүміндерге, қарсыласу еліне, Ливанның сабырлы және күрескер халқына, ислам халқына және баршаға көңіл айта отырып: "Хизболла өзінің ең жоғары, ең қасиетті және ең қымбат шәһидіне дұшпанға қарсы жиһадты жалғастыруға, Газа мен Палестинаға қолдау көрсетуге және тұрақты және құрметті Ливанды қорғауға уәде береді",- деп баса айтты.

Сионистік режим содырлары кеше (жұма күні) түнде Бейруттің оңтүстік шетіндегі тұрғын ауданды бомбалады, нәтижесінде Ливан Хизболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла шәһид болды.

 

Тегтер