Газадағы әрбір үйді қирату үшін сионистік режим қанша төлейді?
(last modified Mon, 30 Jun 2025 11:37:56 GMT )
Маусым 30, 2025 17:37 Asia/Almaty
  • Газадағы әрбір үйді қирату үшін сионистік режим қанша төлейді?

ParsToday - Сионистік БАҚ-тың бірі Газа секторындағы палестиналықтардың үйлерін бұзу үшін әртүрлі мердігерлердің жалданғанын әшкереледі.

Жексенбі күні Haaretz газеті Израиль армиясы Газадағы палестиналықтардың үйлерін бұзу үшін жеке мердігерлерді жалдағанын хабарлады.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Газадағы сионистік сарбаздардың бірі: «Газада инженерлік жабдықтарды пайдаланып жұмыс істейтін әрбір жеке мердігер бұзатын әрбір үй үшін бес мың шекел (шамамен 1500 доллар) алады; олар көп ақша табады»,- деді.

Солдат: «Үй қиратпаған уақыт мердігерлер үшін қаржылық шығын,  Израиль армиясы олардың жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп қосты.

Ол: «Қосымша бес мың шекел табыс табу үшін мердігерлер қауіпсіздік күштерімен бірге Газа халқына көмек таратылатын жерлерге немесе жүк көліктері өтетін жолдарға жақындап, көмекті күтіп тұрған палестиналықтарға оқ жаудырып, олардың үйлерін қиратуға жол ашады» деді.

Бұл есеп Израиль режимінің соңғы айларда Газа секторына қарсы ауыр шабуылдар жасап, инфрақұрылымның кең көлемде жойылуына және көптеген палестиналық бейбіт тұрғындардың қаза болуы мен жаралануына себеп болған жағдайда жарияланды.

Халықаралық ұйымдар Газадағы гуманитарлық дағдарыс туралы бірнеше рет ескертіп, Израиль режимін блокадасы мен шабуылдарын тоқтатуға шақырды.