Сирия үкіметі қарсыластарының келіссөздерге қатысушы тобының басшысы отставкаға кетті
«Рияд тобы» деп аталатын сириялық лаңкестердің келіссөздерге қатысушы мүшесі Мұхаммад Алваш Женевадағы бейбіт келіссөздерінің нәтижеге жетпегеніне наразылық білдіріп, өз міндетінен отставкаға кетті.
ИРНА-ның Рейтер агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Алваш өзінің отставкаға кетуін Женевадағы бейбіт келіссөздердің нәтижеге жетпеуімен байланыстырып, Сирия әскері қарсыластарының шабуылдарын сылтауратты.
Алваш өзінің отставкаға кетуін Сирия мәселесіне қатысты бейбіт келіссөздердің нәтижеге жетпеуінің себебі деп атады. Алваштың сөздері Асадтың қарсыластарының Сириядағы жүйені құлату күшінің жоқтығын және Сирия үкіметі қарсыластарының ішінде терең қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді.