Сауд Арабиясының тақ мұрагері Риядтың аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i8758-Сауд_Арабиясының_тақ_мұрагері_Риядтың_аймақтағы_саясаттарының_сәтсіздікке_ұшырағанын_мойындады
Сауд Арабиясының тақ мұрагері өз елінің аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2016 11:46 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының тақ мұрагері Риядтың аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады

Сауд Арабиясының тақ мұрагері өз елінің аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.

Ливанның «Әл-Аһд» ақпарат базасының мәліметінше, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Наиф Йемендегі «Батылдық дауылы» операциясының сәтсіздігі мен өз елінің аймақтағы саясаттарының нәтижеге жетпегенін мойындап: «АҚШ пен Түркия Сирия Президенті Башар Асадты құлату туралы уәделерін орындаған жоқ»,- деді.

Мұхаммад бен Наиф Джиддада өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Йемендегі «Батылдық дауылы» операциясы саудиялық коалицияға кіретін үкіметтердің міндеттемелерін орындамауларына байланысты Риядтың күткен нәтижесіне жетпеді»,- деді. Осы мәлімет бойынша Мұхаммад бен Наифтің ұстанымы туралы жарияланған хабарды Сауд Арабиясының «Әл-Ватан» газетінің базасы алып тастаған. Біраздан кейін бұл газеттің базасы толығымен жабылды.