Маусым 03, 2016 16:32 Asia/Almaty
  • Велаяти: Имам Хомейни - исламдық оянуды бастаушы

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы: «ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейни исламдық ояну қозғалысын бастаушы болды»,- деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти Теһранда «Имам Хомейнидің ойларындағы исламдық ояну» атты конференцияда сөз сөйлеп: «Имам Хомейнидің қозғалысы Иранда басталып, әлемге таралып, исламдық оянудың толқыны осы уақытқа дейін жалғасуда. Имам Хомейни Исламға шақыру, исламдық ояну, әлемде дін мен исламдық құндылықтарды жаңдандыру, Иранда исламдық үкімет құруды мақсат етті. Осы кезде ИИР аймақтағы бірінші алпауыт ел саналады. Ислам әлемінде де Иран сынды толық тәуелсіз әрі күш-қуатты ел табылмайды»,- деп қуаттады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы сионистік режиммен ынтымақтастық жасап, Палестина халқына қарсы аймақтың кейбір үкіметтерін сынап: «ИИР әрқашан Палестина халқын осы басқыншы режимге қарсы тұруын қолдайды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер