Мұхаммад бен Таифтың мойындаулары: Сауд Арабиясы басшыларының арасында қайшылықтар өрістеді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i8791-Мұхаммад_бен_Таифтың_мойындаулары_Сауд_Арабиясы_басшыларының_арасында_қайшылықтар_өрістеді
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Таиф Йемендегі «Батылдық дауылы» операциясының сәтсіздігі мен өз елінің аймақтағы саясаттарының нәтижеге жетпегенін мойындады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 04, 2016 14:04 Asia/Almaty
  • Мұхаммад бен Таифтың мойындаулары: Сауд Арабиясы басшыларының арасында қайшылықтар өрістеді

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Таиф Йемендегі «Батылдық дауылы» операциясының сәтсіздігі мен өз елінің аймақтағы саясаттарының нәтижеге жетпегенін мойындады.

Мұхаммад бен Таиф Джиддада өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының соңғы кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Йемендегі «Батылдық дауылы» операциясы саудиялық коалицияға кіретін үкіметтердің міндеттемелерін орындамауларына байланысты Риядтың күткен нәтижесіне жетпеді»,- деді. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Сириядағы дағдарыс туралы: «Сирия Президенті Башар Асадтың жүйесі Түркия және АҚШ-тың көмегімен құлайды деп күтілген болатын. Рияд осы уәделердің жүзеге асуын күткенімен, нәтижеге жетпеді»,- деді.

Мұхаммад бен Таиф араб әлемінің өткен екі жылда дағдарыстар мен қақтығыстардың куәсі болғанын өкінішті жайт. Мұндай жайт Сауд Арабиясы мен басқа араб үкіметтерін өз саясаттарын қайтадан қарастыруға мәжбүрлейді»,- деп қосты.

Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Йеменге қарсы соғысының басталуынан бір жылдан астам уақыт өткен жағдайда айтылған бұл сөзі Сауд режимінің сарайындағы қайшылықтарды одан сайын әшкере етті. Мұхаммад бен Таифтың ұстанымы Сауд Арабиясының жас Қорғаныс министрі әрі бұл елдің Королінің ұлы Мұхаммад бен Сұлтанның 2015-ші жылдың 26-шы наурызындағы бұйрығымен Йеменге қарсы бастаған әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауын растайды. Әкесі билік басына келген соң елдің қорғаныс саясатын қолына алған Мұхаммад бен Сұлтан жұмысының бірінші күнінен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Таиф сынды қарсыластармен кезігіп, әрқашан Таифтан қашуды ойлайтын. Молк Салманның ұлын Тайфтың орынбасары ретінде сайлауы Мұхаммад бен Сұлтан үшін әкесінен кейін тақ мұрагерді құлатып, таққа отыру үшін мүмкіндік тудыру болды.

Мұхаммад бен Сұлтанның Сауд Арабиясының қорғаныс жүйесінің басына келуімен бұл елде соғысқұмар саясат қалыптаса бастады. Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғысты бастауға одақтастарын жинай бастаған кезде мемлекеттердің әртүрлі ұстанымдармен кезікті. Дәл осы мәселе АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауларына қарамастан соғыстың ортасында сәтсіздікке ұшыраған коалицияның құрылуына себеп болды. Рияд делегациясының Йеменнің бейбітшілік келіссөздеріне қатысуы Мұхаммад бен Сұлтанның Йемендегі соғысқұмар саясатының нәтижеге жетпегенін дәлелдейді. Бұл сәтсіздік туралы Мұхаммад бен Таиф «Батылдық дауылы» атты әрекеттер басталмастан бұрын сан рет қуаттаған болатын.

Сауд Арабиясының үкіметінде Йеменге қарсы соғысты бастау туралы саяси бірліктің болмауымен бірге жаттығулардың осалдығы, соғыс дайындығының болмауы, коалиция мүшелерінің үйлестіру саласындағы проблемалары мен дайындық деңгейдің әртүрлі болуы сындарсыз коалицияның құрылуына әкелді. Мұхаммад бен Таиф мұндай жағдайдың туатынын басынан біліп, Сауд Арабиясының Йеменге деген ұстанымын өзгертуді қуаттады.

Сауд Арабиясының ұстанымдарын өзгертуі тек Йеменмен шектелмей, саудиялық соғысқұмарлдардың Башар Асадты құлатуға қатысты сириялық қарулы қарсыластарды қолдау саясатының нәтижеге жетпейтіні туралы қуаттаулар да артуда.

Сауд Арабиясы аймақтағы соғысқұмар саясатына байланысты саудиялық азаматтарға қысым көрсететін және азаматтық бағынбаушылыққа себеп болатын экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр.