Маусым 22, 2016 15:05 Asia/Almaty
  • Велаяти: Халифа режимінің Бахрейн шиіттерінің басшысын азаматтығынан айыруы - айыпталатын мәселе

Исламдық ояну әлемдік қауымдастығының Бас хатшысы Халифе режимінің Бахрейн шиіттерінің басшысы шейх Иса Қасемді азаматтықтан айыру әрекетін айыптады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Исламдық ояну әлемдік қауымдастығының Бас хатшысы Әлиакбар Велаяти өз мәлімдемесінде: «Бахрейн шиіттерінің басшысы шейх Иса Қасемді азаматтықтан айыру халықаралық қауымдастық пен барлық үкімет қайраткерлерін таңғалдырды. Халифе режимі өзінің заңсыз үкіметін сақтап қалу үшін әртүрлі тәсілдер және халықты басып-жаншу арқылы шиіттер мен сүнниттерді бір-біріне қарсы қойып, ұлтаралық, тайпалық және діни қайшылықтар тудырып, Бахрейн халқын рақымсыз қырып, халықтың исламдық ояну қозғалысы кезінде шексіз қатігездік көрсетті. Халифе режимі мен оның аймақ пен аймақтың сыртындағы қолдаушылары заңсыз әрі залым әрекеттерімен халықтың жігеріне қарсы тұра алмайды. Бахрейн халқының сабыры мен табандылығы жақында жәбір көрген халыққа жеңіс әкеледі",- деп мәлімдеді.

Тегтер